08
шілде
2023
КАЗЫМЕТОВА Санобар Маметхановна

2000 жылы Түркістан қаласында орналасқан Педагогика колледжіне «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түсіп 2004 жылы аталған оқу мекемесін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығымен диплом алып аяқтаған.
2004-2009 жылдар аралығында Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғарғы білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шыққан.
Осы жоғарғы білім ала жүріп, 2004 жылы қыркүйек айында Түркістан қаласы Бірлік ауылындағы Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебіне тәлімгер лауазымын атқарып, 2006 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
2007 жылдың қараша айында №10 негізгі қазақ мектебіне ауысу тәртібімен іс-қағаздарын жүргізуші болып қабылданды.
2010 жылдың қыркүйек айында сол мектепте педагог-психолог лауазымына ауыстырылды.
Өз мамандығы бойынша жұмыс барысында мектепішілік, қалалық, облыстық марапаттарға ие болып, 2015 жылы ІІ біліктілік санаты берілді.
2020 жылы желтоқсан айында «Педагог-модератор» санатына және 2021 жылдың желтоқсан айында «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына өткен.
Отбасы мәліметі: 2007 жылы Кентау қаласында заңды некемен Кентау қаласының тұрғыны Казыметов Суръат Абдрахмановичке тұрмысқа шығып, кәзіргі таңда 2 қыз бен 2 ұлдың анасы.