АТАБАЛАЕВА Мавлюда Нуртиллаевна » «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласының білім бөлімінің
«Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-10-40
Есепші бөлімі:
+7 (72536) 3-10-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
шілде
2023

АТАБАЛАЕВА Мавлюда Нуртиллаевна

Атабалаева Мавлюда Нуртиллаевна, 17.02.1978 жылы ОҚО Түркістан қаласы Бабай-қорған елді-мекенінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы.
1985 жылы қыркүйек айында ОҚО Түркістан қаласы Бабай-қорған елді-мекенінде орналасқан қазақ орта мектебіне барып, 1995 жылы орта біліммен аяқтаған. 
Содан 1998 жылы Түркістан қаласында орналасқан Педагогика колледжіне «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түсіп 2001 жылы аталған оқу мекемесін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығымен диплом алып аяқтаған. 
2005-2010 жылдар аралығында Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғарғы білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шыққан. 
Осы жоғарғы білім ала жүріп, 2007 жылы маусым айында Кентау қаласында орналасқан №10 негізгі қазақ мектебінде тәлімгер лауазымын атқарған. 
2012 жылдың қыркүйек айында №10 негізгі қазақ мектебінде тәлімгер мамандығынан босатылып, Кентау қаласындағы «Алмагүл» бөбекжайына психолог мамандығымен жұмысқа қабылданған.
2015 жылдың қыркүйек айында Кентау қаласындағы «Алмагүл» бөбекжайына психолог мамандығынан босатылып,Кентау қаласындағы №10 жалпы орта мектебінде педагог-психолог мамандығы  бойынша жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін осы мекемеде педагог-психолог лауазымында жұмыс атқаруда.
  Өз мамандығы бойынша жұмыс барысында мектепішілік, қалалық, облыстық марапаттарға ие болып, 2018 жылы ІІ біліктілік санаты  берілді. 
  2021 жылдың желтоқсан айында «Педагог-сарапшы» біліктілік санатынан өткен. 
Отбасы мәліметі: 2001 жылы Кентау қаласында заңды некемен Кентау қаласының тұрғыны  Шыныбаев Нурлан Такибаевичке тұрмысқа шығып, кәзіргі таңда 3 қыз бен 1 ұлдың анасы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив