30
маусым
2023
ЕДИГЕЕВА Базаркүл Муратовна

1991 жылы қыркүйек айында ОҚО Ордабасы ауданы Төрткүл елді-мекенінде орналасқан Төрткүл орта мектебіне барып, 2001 жылы орта біліммен аяқтаған.
Содан 2001 жылы Көкшетау университетіне «саясаттану» мамандығы бойынша оқуға түсіп 2005 жылы аталған оқу мекемесін «саясаттану» мамандығымен диплом алып аяқтаған.
2017-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті университетінде «кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғарғы білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шыққан.
Осы жоғарғы білім ала жүріп, 2005 жылы маусым айында Төрткүл ауылында орналасқан «Самал» бала бақшасында тәрбиеші лауазымын атқарған.
2008 жылдың наурыз айында №10 негізгі қазақ мектебінде кітапханашы мамандығымен жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін осы мекемеде кітапханашы лауазымында жұмыс атқаруда.
Өз мамандығы бойынша жұмыс барысында мектепішілік, қалалық, облыстық марапаттарға ие болды.
Отбасы мәліметі: 2009 жылы Кентау қаласында заңды некемен Кентау қаласының тұрғыны Есенбеков Бауыржан Орынбасаровичке тұрмысқа шығып, кәзіргі таңда 1 ұлдың анасы.